2021 жылдың 20-шы қазан күні Облыстық  психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық  кеңес  беру  мекемесінің түзете-дамыту топ балаларының қолөнер жұмыстарынан "Күз ғажайыптары" атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: ата-аналардың бала өміріне белсенді араласуы және балалармен ортақ жұмысы. Бүлдіршіндер ата-аналарының көмегімен күздің сыйға тартқан көкөністерменжеміс-жидектерден, сонымен қатар дәстүрден тыс материалдардан әр түрлі бұйымдар жасапкүздің тамаша сәттерін жеткізе білді.

2020 жылдың 03 мамырынан бастап Облыстық ПДПК мекемесі балаларды психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету, түзете дамыту тобының сабақтары қашықтықтан жүргізілетін болады.

 «Адалдық Алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің қыркүйек айындағы тапсырмаларына сәйкес мемлекеттік қызметтерді алу бойынша бейнероликтер мен брошюралар шығару жоспарланған.